Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ұшырайтын лауазымдар және оларды төмендету шаралары
Қ.Байсейітов атындағы саз колледжі бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ұшырайтын лауазымдар мен оларды азайту жолдары төменде көрсетілген.
Лауазым |
Тәуекел сипаттамасы |
Төмендету жолдары |
Директор |
Қызметке қабылдау, қаржылық шешімдер |
Комиссия арқылы шешім қабылдау, ашық байқаулар өткізу, шешімдерді ресми хаттамамен бекіту |
Оқу ісі жөніндегі орынбасар |
Оқытушыларға жүктеме бөлу, емтиханға ықпал ету |
Жүктемелерді автоматтандыру, бағалау жүйесін бірнеше оқытушы арқылы жүргізу |
Тәрбие ісі жөніндегі орынбасар |
Шараларға қатысу арқылы студенттерге артықшылық беру |
Шараларға қатысуды тәуелсіз комиссия арқылы бағалау, ашық есеп беру |
Бас есепші |
Қаржыны басқару, төлемдерді жүргізу |
Ішкі және сыртқы аудит, қаржылық есептілік жүйесін цифрландыру |
Кадр бөлімі |
Қызметкер қабылдау, құжаттарды басқару |
Ашық конкурс өткізу, шешім қабылдауда көп адам қатысатын кеңес құру |
Оқытушылар |
Баға қою, жеке сабақтар арқылы ықпал ету |
Анонимді бағалау, емтиханды комиссиямен қабылдау, сабақтан тыс төлемді тыйым салу |
Шаруашылық меңгерушісі |
Материалдық құндылықтарды бөлу |
Материалды қабылдауды қабылдау комиссиясы арқылы жүргізу, есептілікті цифрландыру |
Бухгалтерлер |
Төлемдер мен есептерді жүргізу |
Қос қол қою принципі, цифрлық бақылау жүйесі енгізу |
Ішкі бақылау және алдын алу шаралары
Этика кодексін енгізу – Барлық қызметкерлер мен студенттер үшін міндетті түрде танысу және қол қою.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жоспары – Жыл сайын жаңартылып, орындалуы қадағаланады.
Ашық конкурс және рейтинг жүйесі – Жұмысқа қабылдау мен студенттерге стипендия бөлу кезінде.
Анонимді арыз беру жүйесі – Электронды пошта немесе арнайы жәшік арқылы.
Мемлекеттік сатып алулар порталын пайдалану – Барлық сатып алулардың ашықтығын қамтамасыз ету.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы оқыту – Жылына кемінде 1 рет семинар-тренингтер өткізу.